"Лаборатория Касперского" бағдарламалары. Орталықтандырылған орналастыру

Бұл бөлімде "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын қашықтан орнату және оларды желі құрылғыларынан жою тәсілдері сипатталған.

Клиент құрылғыларына бағдарламаларды орнатуды бастамас бұрын, құрылғылардың аппараттық және бағдарламалық жасақтамасының талаптарға сай екендігіне көз жеткізу қажет.

Басқару серверінің клиент құрылғыларымен байланысын Желілік агент қамтамасыз етеді. Сондықтан, оны қашықтан орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылатын әрбір клиент құрылғысына орнату керек. Басқару сервері орнатылған құрылғыда тек Желілік агенттің серверлік нұсқасын пайдалануға болады. Ол Басқару серверінің құрамына кіреді және онымен бірге орнатылып, жойылады. Бұл құрылғыға Желілік агент орнату қажет емес.

Желілік агентті орнату бағдарламаларды орнату сияқты жүзеге асырылады және оны қашықтан да, жергілікті түрде де жасауға болады. Қауіпсіздік бағдарламаларын Басқару консолі арқылы орталықтандырылған түрде орнатқан кезде, сіз Желілік агентті қауіпсіздік бағдарламаларымен бірге орната аласыз.

Желілік агенттер, олар жұмыс істейтін "Лаборатория Касперского" бағдарламаларына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тек жергілікті Желілік агентті орнатуға болады (қосымша ақпарат алу үшін тиісті бағдарламаларға арналған Нұсқаулықтарды қараңыз). Клиент құрылғысы Желілік агентті тек бір рет орнату керек.

Басқару консолі арқылы "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын басқару жұмысы басқару плагинінің көмегімен жүзеге асырылады. Сондықтан, Kaspersky Security Center арқылы бағдарламаны басқаруға қол жеткізу үшін осы бағдарламаны басқару плагині әкімшінің жұмыс станциясына орнатылуы керек.

Бағдарламаларды қашықтан орнатуды әкімші жұмыс станциясынан Kaspersky Security Center бағдарламасының басты терезесінде орындауға болады.

Бағдарламалық жасақтаманы қашықтан орнату үшін қашықтан орнату тапсырмасын жасау керек.

Қалыптасқан қашықтан орнату тапсырмасы оның кестесіне сәйкес іске қосылады. Тапсырманы қолмен орындауды тоқтату арқылы орнату процедурасын тоқтатуға болады.

Егер бағдарламаны қашықтан орнату қатемен аяқталса, сіз бұл мәселенің себебін тексеріп, оны құрылғыны қашықтан орнатуға дайындау утилитасы арқылы шеше аласыз.

Орналастыру туралы есеп арқылы желіде "Лаборатория Касперского" қауіпсіздік бағдарламаларын орнату процесін қадағалауға болады.

Kaspersky Security Center арқылы тізімделген бағдарламаларды басқару туралы толық ақпаратты тиісті бағдарламалардың Нұсқаулықтарынан қараңыз.

Бұл бөлімде:

Үшінші тарап қауіпсіздік бағдарламаларын алмастыру

Қашықтан орнату тапсырмасын пайдаланып бағдарламаларды орнату

Қашықтан орнату шеберін пайдаланып бағдарламаларды орнату

Қорғаныс орналастыру туралы есепті қарап шығу

Басқару плагиндерімен жұмыс істеу

Бағдарламаларды қашықтан жою

Орнату пакеттерімен жұмыс істеу

Бағдарламалардың өзекті нұсқаларын алу

Windows құрылғысын қашықтан орнатуға дайындау. riprep утилитасы

Linux операциялық жүйесімен жұмыс істейтін құрылғыны дайындау және Linux операциялық жүйесі бар құрылғыға Желілік агентті қашықтан орнату

macOS операциялық жүйесі бар құрылғыны Желілік агентті қашықтан орнатуға дайындау

Сондай-ақ, қараңыз:

Негізгі орнату сценарийі

Басына оралу